Сәтсіздіктерге қарамастан танымалдылыққа қол жеткізген жұлдыздар
Танымал жұлдыздар өнер жолына келмес бұрын түрлі қиындықтар мен келеңсіздіктерді бастан өткізгенін көпшілігі біле бермейді. Олардың батыл әрекеттері мен арман-мақсаттары өнердің шыңына шығарып, әлемдік жұлдыз атануға мұрындық болды. Ендеше, бүгінгі шығарылымда сәтсіздіктерге қарамастан танымал болған жандарды назарларыңызға ұсынамыз.
Брэдли Купер 7 мәрте «Оскар» жүлдесінің арнайы аталымымен марапатталды. 2011 жылы әлемнің ең сымбатты ерлер қатарының көшін бастады. Алайда, актер кино саласында толағай табыстарға қол жеткізбес бұрын қиын кезеңдер мен үлкен сәтсіздіктерді бастан өткерді. Тіпті кино жұлдыз бір кездері әртістік мансабынан бас тартпақ болған. Дегенмен, өмір жолы оны өнер жолынан алыстата қоймады. Сонымен бірге актер төбе көрсеткен «Three Days of Rain / Три дня дождя» туындысында оның рөлі сәтсіз шығып, оған толассыз жағымсыз пікірлер көп айтылды. Нәтижесінде, Купер біраз күйзеліске түсіп, жаңа жұмыс іздестіреді. Сол кезде Брэдли ішімдікке қатты салынып, есірткі заттарын да пайдаланған екен.
Белгілі әнші Кэти Перридің ән әлемінде өзіндік орны бар. Адамзат тарихында 4 рет «Гинестің» рекордтар кітабына еніп, 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде бай-бағландардың көшін бастап келе жатқан бірден-бір жұлдыз. Алайда, ол бұл абыройға жетпес бұрын, таршылық көріп, қиын кезеңді басынан өткерді. Ол кедей отбасында дүниеге келген. Кейіннен Кэтиді ата-анасы христиан дінінің қағидасына сай қатал тәрбиелеп, оған тек діни әуендерді тыңдауға мүмкіндік берді. Әнші алғашында көпшілік тыңдай бермейтін әндерді орындайтын. Сөйтіп, ол ән қоржынын ауыстырып, заманауи бағыттағы шығармаларды орындауды қолға алды. Нәтижесінде, әдемі даусы мен ерекше қабілетінің арқасында әлем таныған тұлғаға айналды.
Біздің тізімді «Stranger Things / Очень странные дела» телехикаясының жұлдызы Милли Бобби Браун толықтырады. «Time» журналы келтірген дерекке сүйенсек, ол 2017-2018 жылдары арасында әлем бойынша жасөспірімдер арасында танымал болды. Бірақ көпшілік оның ата-анасының жиі қоныс аударып, қыздарының мансабы үшін біраз шығынға ұшырағанын біле бермейді. Өз кезегінде, Милли бұл жағдайы үшін өзін кінәлады. Сөйтіп, біраз іріктеуден өте алмай, киноға түсуге деген арманынан бас тарта бастайды. Нәтижесінде, ойланбастан Анлияға көшіп кетеді. Сонымен бірге бала кезінде Миллидің бір жақ құлағының естуі нашарлады. Бірақ соған қарамастан ол ән айтуын тоқтатпайды.
Жұлдызды тізбекті Сэмюэл Лерой Джексон қорытындылайды. Режиссер Квентин Тарантиноның фильмдері арқылы танымал болған ол бүгінге дейін түрлі жанрдағы киноларға түсіп үлгерді. Бұл кино жұлдыздың да өмірі түрлі келеңсіздікке толы болды. Ол бала кезінде денсаулығына байланысты біраз қиындық көрді. Кейіннен қара нәсілділердің құқығын қорғау мақсатында көтеріліске қатысқандықтан, университеттен 2 жылға шеттетілді. Бұған қоса, мықты ерік-жігерінің арқасында есірткіге тәуелділіктен құтылды.