21 ноября 2025 г. 14:45
Сәтқалиев АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты
Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің салыну мерзімі туралы айтты.
Астана, NEGE. Оның айтуынша, құрылыс ресейлік «Росатом» компаниясының жоспарына сәйкес басталады. Нақты мерзім жобалық ізденістер аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады.
«Атом саласында мұны “бірінші бетон” деп атайды. Бұл, былайша айтқанда, жобалық іздестіру жұмыстары ғана. Яғни көп нәрсе жабдық құрамына және жобалау жұмыстарына байланысты болады. Қазір бірдеңені нақты айту қиын: біз ресейлік жоспар бойынша 2029 жылды бағдар етіп отырмыз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сонымен қатар, ол 2026 жылы да жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілетінін айтты.