Сатиралық парақшаның авторы екі айға қамауға алынды

Алматы соты QazNews24 сатиралық парақшаның авторы Темірлан Еңсебекті екі айға қамауға алды. Белсендінің қамауға алынғанын адвокаты Жанара Балғабаева мәлімдеді.

QazNews24

Алматы, NEGE. "Бүгін сот отырысы өтті, бұлтартпау шарасы ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында екі айға қамауға алу ретінде белгіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады", – деді ол.

Оның айтуынша, қорғаушы тарап сот үкіміне шағымданбақ.

Қылмыстық кодекске сәйкес "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды