Сатыбалды мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Экс-президент Н.Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен Д.Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.

Алматы, NEGE. ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі олардың қамау мерзімі бір айға ұзарғанын мәлімдеген.

«12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартты. Күдікті Қ.Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі де сот шешімімен бір айға ұзартылды», – деп хабарлаған астаналық соттың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне тиіп кетті: бір ұшқыш қаза тапты

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Путин Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты

Арқалықта мектептің шатыры өртенді