31 августа 2022 г. 11:47

Сатыбалды – Түркістан облысының әкімі

Фото:

Ақорданың баспасөз қызметі Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалғанын хабарлады.

Елорда, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. Түркістан облыстық мәслихаты Д.Сатыбалдының кандидатурасын бекіткен.

Д.Сатыбалды 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. 2018 жылы Сенат депутаты болып сайланды. Ал 2019 жылдың наурыз айында Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы елші болып тағайындалған еді.

Естеріңізге салайық, Ө.Шөкеев қарамағындағы қызметкері жемқорлық дауға шатылып, сот үкімімен жазаға кесілгендіктен, отставкаға кету жөнінде Президенттің атына арыз жазған. Мемлекет басшысы оның арызын қабылдады.

 

Тегтер: