Сәтбаевта ер адамның подъезде қызға шабуыл жасап, зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалған

Сәтбаевта белгісіз ер адам подъезде қызға шабуыл жасап, зорламақ болған. Оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз ер адамның баспалдақпен көтеріліп келе жатқан қыздың артынан жүгіріп келіп, аузын жауып, шыға берістегі есіктің қасына апарып зорламақ болғаны таспаланған. Қатты шошынып қалған қыз бала бар даусымен айғайлай бастаған. Осы сәтте зорламақ болған ер адам есіктен шығып, қашып кетеді. Көп ұзамай қыздың даусын естіп, көршісі көмекке келеді. Ол болған жайды естіген бойда ер адамның артынан жүгіре жөнеледі.

Ұлытау облысының полициясы күдіктінің жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?