Сәтбаевта 54 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Сәтбаевта 54 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Сәтбаев қаласының ПБ патрульдік полиция инспекторлары «Қорғау» бағдарламасының көмегімен жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтады. 26 жастағы Жезқазған тұрғыны Mercedes-Benz көлігімен 54 рет жол ережесін бұзған.

Полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне жол ережесін бұзу туралы хабарлама келіп түскен.

Тексеру барысында жүргізушінің жылдамдықты асырғаны, жол ережесін өрескел бұзғаны және салынған айыппұлдың жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуық екендігі анықталды. Қазіргі уақытта көлік айып тұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды