11 ноября 2023 г. 1:24

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері ақбөкендердің ұшасын тапты

Фото:

Атылған ақбөкендерді  қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында табылды.

Алматы, NEGE. Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленді.

33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Тегтер: