Сарқанда қоқыс жәшігінен 4-5 жасар қыздың мәйіті табылды

17 мамырда Сарқанд қаласындағы қалалық қоқыстан 4-5 жасар қыздың сүйегі табылды. Полицейлер баланың анасын тапты, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Анасының айтуынша, қыз бала 2017 жылы туылған, ол церебральды сал ауруына шалдыққан, тумысынан ақыл-ойында кемістік болған. Ақпан айында бала ауырып, кенеттен қайтыс болды деген желеумен әйел мен оның ағасы қызды қала шетіне жасырын жерлемек болған. 

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.

Күдіктілер куәлік алу үшін аудандық полицияға жеткізілді.