"Сарыжайлау" әні "Поле чудесте" шырқалды
Ресейлік "Поле чудес" телеойынында қазақтың "Сарыжайлау" әні орындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы, NEGE. Соңғы бағдарламаға Саратов облысының тұрғыны Альбина Сейітқалиева қатысты. Ол Пугачев ауданындағы Давыдовка ауылында тұрады. Мамандығы – заңгер.
"Біздің жердің әсемдігі жайында тоқтамай айта беруге болады. Жалғыз Ырғыздың өзі Еуропадағы ең бұралаң өзен болып саналады. Ал біздің даламыз бен егістік алқаптарымыздың ұшы-қиыры жоқ. Біздің ауданымыз – ауыл шаруашылықтың көшбасшысы", - дейді Сейітқалиева.
Альбина өзімен бірге 12 жастағы Эльвира Ғазизулинаны да алып келген. Жас әнші қазақтың "Сарыжайлау" әнін орындап берді (видеода 13-ші минутта басталады).