Сарыағашта жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелі қамауға алынды
, деп хабарлайды otyrar.kz.
Түркістан, NEGE 12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылған.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінге полиция мәліметінде.
Айта кетейік, бұл отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен «Кісі өлтіру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.