Сарыағашта жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде автоматтандырылған «Тоболино» АГТС газ тарату станциясы іске қосылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан, NEGE. Енді аудандағы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ. Аудан әкімі Арман Абдуллаев газ тарату станциясын іске қосу шарасына қатысты. Былтыр қараша айында магистральды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізілген болатын. Ал дәнекерлеу жұмыстары биыл аяқталып, «Тоболино» АГТС-на «Интергаз» магистральды құбырынан табиғи газ жіберілді.

Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты елді мекендердің 4 796 абоненті, қосымша 89 коммерциялық және 15 әлеуметтік нысан газға қол жеткізеді. Одан бөлек, Ақжар ауылдық округінен 300 абонент қосылса, Атамекен елді мекенінен 235 абонент табиғи газға қол жеткізеді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды