Сарыағашта АК-74 автоматын бөлшектеп жинақтаудан облыс бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан мектеп оқушысы марапатталды

Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні республика көлемінде мерекеленуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан, NEGE. Айтулы шара Сарыағаш ауданында да кең көлемде тойланды. Салтанатты шарада патриоттық рухта тәрбиеленіп келе жатқан жас буын өнерін ортаға салды.

Солардың бірі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №70 С. Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әсел Барат. АК-74 автоматын 11 секунд ішінде бөлшектеп, 24 секунд ішінде жинақтап көпшілікті таң-тамаша етті. Аудан әкімі арнайы алғыс хатын ұсынып, өңірде патриот жастардың өсіп келе жатқанын мақтан етті.

Айта кетейік, Әсел Барат халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өткізілген «Айбын – 2024» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңіне қатысып, қыздар арасында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан Түркістан облысы бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?