Сарыағашта 1,5 млн теңгенің малын ұрлап, сатқан күдіктілер ұсталды

Сарыағашта 1,5 млн теңгенің малын ұрлап, сатқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Олардың бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды.

Күдіктілер ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге. Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай мал ұрлығына қатысты 5 фактісін анықтады. 

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?