«Сары мысық» фильмінің тұсаукесері Венецияда өтті

Кеше 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасының аясында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» атты жаңа туындысының тұсауы кесілді.

Алматы, NEGE. «Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, картинаның тұсаукесеріне фильмнің режиссері, сондай-ақ продюсерлер Ольга Хлащева, Серік Әбішев, Гийом де Сиель мен Әсел Сәдуақасова және актерлер Санжар Мәди, Азамат Нығманов пен Камила Нұғманова қатысқан. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық киногерлер делегациясы 77-ші Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысу үшін кәрі құрлыққа аман-есен жеткен еді. Шара барысында «Сары мысық», «Мұқағали» және «Обучение Адемоки» жобалары дистрибьюторларға таныстырылып, келіссөз жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды