Сара Жармұхамбетова Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Аталған мәселе Сенат отырысында қаралды.

Сенат

Алматы, NEGE. Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

– Сенаттың қарауына Сара Азымбекқызы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды және 28 жыл судьялық еңбек тәжірибесі бар, – деді Дмитрий Малахов.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды