Сәпиев қызметтен не үшін кеткенін айтты

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Сәпиев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында қызметтен не үшін кеткенін айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мен мұны бұрыннан ойлап жүргем және шешімді салқынқанды қабылдадым. Өмірде әр нәрсенің басы мен аяғы бар. Комитет төрағасы қызметін үш жыл атқарғанда теңдессіз тәжірибе жинадым, дегенмен де әзірге мемлекеттік қызметтен кетуді ұйғардым. Мүмкін қайта оралармын, бірақ қазір кету керек деп шештім. Спортта бұдан әрі де қала беруді, елге пайдамды тигізуді жоспарлап отырмын», – деді С.Сәпиев.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде