Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-басшысы Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметіне сайланды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «С.Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына сайланды», - делінген министрлік сайтында.  

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр