Сапарбаев қанша адамның несиесі кешірілгенін айтты

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қанша қазақстандықтың несиесі кешірілгенін айтты.

Алматы, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев: «Президент әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек беру үшін шешім қабылдады. Оның кейбірінде үш-төрттен несиесі болған. Осы көмектің арқасында 565 мың қазақстандық қарыздық жүктемесін 115 млрд теңгеге азайтты. 1,2 млн адамның өсімпұлын құйып, 33 млрд теңге айыппұлын төледі. Әрине, мұнда да көңіл толмаушылық болды. Бұл да болса халықтың несиесін жабуға көрсетілген бір реттік үлкен көмек», – деді.  

Қазір оқып жатыр

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?