Санжар Боқаев: Қырғызстанның бір жылдық бюджетін үнемдеп қалуға болады

Саясаттанушы Санжар Боқаев ел бюджетін қалай үнемдеуге болатынын нақты мысалмен көрсетіп берді.

Алматы, NEGE. Бюджетте әсіресе экономикаға, халықты жұмыспен қамтамасыз ету ісіне еш пайдасы жоқ артық шығындар жасырынған.

Олар министрліктер мен әкімдіктердің айласы. Осылардың барлығын қысқартса, бюджет жылына 850 миллиард теңге үнемдей алады. Ал бұл дегеніміз – көршілес Қырғызстанның бір жылдық бюджеті. 

Тағы бір назар аударатын мәселе – біздің жылдық шығынымыз жылдық табысымыздан артып кеткен. Дефицит Ұлттық Қор есебінен жабылуда.

Ал көршілес Өзбекстан өз шығынан жылдық табысынан едәуір аз деңгейде ұстау арқылы, қиын коронакризис жағдайында да қаржы жинауға мүмкіндік алған. Бұл тұрғыдан алғанда, көршілерден үйренеріміз көп.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті