Санкцияның кесірінен Ресей қарапайым тұрғындардың жинақ ақшасын тәркілемек

Батыс Ресейге қарсы санкцияларды үсті-үстіне салып жатыр. Соның салдарынан шетелдегі мемлекет ақшасы бұғатталса, ресейліктердің жинақ ақшасы тәркіленуі мүмкін.

Алматы. NEGE. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның депутаты Николай Арефьев мәлімдеген. Оның пікірінше, Ресейдің шетелде 640 млрд долларға жуық алтын-валюталық қоры бар. Ал олигархтардың ақшасы 470 млрд доллар көлемінде. Батыс елдері валюталық есептесуді шектеп, SWIFT-тан шығаруды талқылап жатыр.  

«Егер барлық қаржыны бұғаттап тастаса, үкіметтің халықтың жинақ ақшасын бұғаттаудан басқа амалы жоқ», - деді Арефьев. 

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?