«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды
Абай облысы Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитарлар балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды.
Астана, NEGE. Прокуратураның мәлімдеуінше, орталықты тексеру барысында осындай жүзден астам зорлық-зомбылық фактісі тіркелген.
Бұған қоса, прокурорлар мекемедегі заңсыз әрекеттерді көре тұра, ешқандай шара қолданбаған кейбір қызметкердің әрекетсіздігін әшкереледі.
Бұл фактілер бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауына шектеу қойылды», – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Тексеру шаралары жалғасып жатыр.