Санитар дәрігерлер мектептерді тексерді

Шымкентте кезекші сыныптар оқып жатқан мектептерді санитар дәрігерлер тексерді.

Алматы, NEGE. Басты назар санитарлық талаптардың қалай сақталып жатқандығы. Мұндай жұмыстар оқу жылы басталар алдында да бірнеше рет атқарылған. Ол кезде өрескел заң бұзушылықтар болмаған. Тек ескертулермен шектелдік дейді мамандар. Оқушылардың әлеуметтік арақашықтықты сақтауы ескеріліп, бетперделерінің болуы міндеттелді. Қазір Шымкентте 3 мың 300-ден аса кезекші сынып құрылған. Бұл бастапқыда білім бөлімі жоспарлағаннан әлдеқайда көп. 

Қазір оқып жатыр

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті