24 мая 2025 г. 18:43

Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: ҚТФ

Қазақстандық, 20 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Мааньшань (Қытай) ITF W15 турнирінде үздік шықты.

Алматы, NEGE. Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Софья Лансеремен бірге барлығы төрт кездесуін жеңіспен тәмамдады.

Қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, қытайлық Меики Куо – таиландтық Пеангтарн Плипуекпен чемпиондық атақ үшін таласты.

Бірінші партияда Кенжебаева – Лансере 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екіншісінде қытайлық-таиландтық дуэт қарымта қайырды – 6:3.

Супер тай-брейкте Сандуғаш пен Софья таразы басын аудара білді – 10:8.

Финалдық матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында биыл жыл басында Түркиядағы осындай екі жарыста жеңімпаз атанған еді.