Сандуғаш Кенжебаева Анталиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстанның Теннис федерациясы

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы түркиялық Илай Йорукпен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген еді.

С.Кенжебаева – И.Йорук финалда доданың 1-ракеткалары, германиялық Мина Ходжич – швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-түркиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 5:7.

Есесіне супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.

Финалдық матч сағат жарымға жуық уақытқа созылды.

Тағы бір қазақстандық, 20 жастағы Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге Монастир (Тунис) ITF W15 жарысының финалында ұтылып қалды.

Қазақстандық-ресейлік дуэт соңғы бәсекеде ғана словениялық Зива Фолкнер – сербиялық Елена Миловановичке жол берді – 4:6, 4:6.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?