1 сентября 2022 г. 16:42

Санақ қорытындысы: Қазақстан халқының саны қанша?

Фото:

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы жүргізген халық санағы дерегінің қорытындысын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазақстан халқының саны 2022 жылғы 1 тамызында 19 644 067 адамға жеткен. 

"Өңделген мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы санаққа 19 186 015 адам қатысты. Осылайша, 2009 жылғы халық санағынан бері ел халқы 20%-ға немесе 3,2 млн адамға өсті. Бұған халықтың табиғи өсімі мен Қазақстан аумағына көші-қон ықпал етті", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 

Қазақстандағы әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым. Санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Егер пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер үлесі – 51,4% (9 861 175 адам) құрады. Осылайша, Қазақстандағы 100 әйелге 99 ер адамнан келеді.

Тегтер: