«Самұрық-Қазынаның» жеті топ-менеджері қызметінен кетті

Андрей Кравченко және тағы да алты адам «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының топ-менеджері қызметінен кетті. Бұл туралы аталмыш қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шараларының жоспарына сәйкес, жазған өтініштері бойынша:

  1. Кравченко Андрей Николаевич, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі, құқықтық сүйемелдеу және тәуекел жөніндегі басқарушы директор,
  2. Манкеев Мұхтар Наурызбаевич, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор,
  3. Дүрмағамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және сандық трансформация жөніндегі басқарушы директор,
  4. Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиевич, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор,
  5. Есболов Бектенбай Тілектесов, «Самұрық-Қазына» қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі тең басқарушы директор,
  6. Түсіпбеков Жанат Рашидович, «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы,
  7. Қожатов Қуат Асқарбекович, «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры қызметінен босатылды», - деп хабарлады қор өкілдері.

Мұның алдында осы қор қызметкерлерінің тең жартысы қысқартылғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен