6 октября 2022 г. 17:05

"Самұрық-Қазынаға" 18 үміткер өте алмады

Фото:

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобындағы басшы лауазымдарына 18 үміткер полиграф тексеруден өте алмады. Бұл туралы брифингте қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, - деп жазды  Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" тобындағы компаниялар басшы, басқарушы директорлары мен бөлімше басшылары лауазымына үміткерлердің бәрі комплаенс-тексеруден өтеді.

Болашақ сатып алу менеджерлері үшін қосымша детектор сынағы енгізілген. Мұндай сынақтар "Самұрық-Қазына" тобындағы 38 компанияның 96 үміткеріне жүргізілген. 18 үміткер сынақтан өте алмаған.

Тегтер: