«Самұрық-Қазына» қорынан ауруханаларға 1000 оттегі концентраторы жеткізілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады.

Алматы, NEGE. Көмектің бұл түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісіле отырып жасалған. Қиын сәтте қолдау көрсетті. Әр облыстағы емдеу мекемелеріне бірнеше оттегі концентраторы табысталды. Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мұрындық болып отыр.

 Жеткізілген жиырма қондырғының 8-і облыстық аурухана жанынан ашылған провизорлық орталыққа қойылды. Әрқайсысының құны шамамен 500 мың теңге тұратын құнды аппараттар COVID-19 індетін жұқтырғандар мен өкпе ауруына шалдыққан науқастар үшін таптырмас құрал.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов: "Қор төтенше жағдай жарияланған алғашқы күндері бірден әрекет етті. Наурызда дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және әлеуметтік қызметкерлерге 6 миллион маска сатып алуға қаржы бөлдік" деді. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді