«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Бүгін журналистермен өткізген брифингте ҚР премьер- Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін компаниялар қызметкерлерінің жалақысы 5-тен 40% - ға дейін көтеріледі»,- деді. Бірақ басшылық қызметтегі тұлғалардың жалақысы өспейтіндігін де тілге тиек етті.
НҰР-СҰЛТАН, NEGE «Әрдайым жалақының күрт өсуі инфляцияның өсуіне әсер етеді. Бірақ, бұл- ештеңе жасамау керек дегенді білдірмейді. Жүйелі түрде кезең- кезеңімен жалақыны көтереміз. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні орташа жалақы туралы мәселе көп талқыланып жатыр. Өйткені барлық жерде орташа жалақы нақты объективті мәліметтерге сәйкес келмейді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Ол барлық бюджеттік ұйымдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар әрқашан өз бюджеттерінде қызметкерлердің жалақысын индекстеу керек екенінің де айтты.
Сонымен қатар, Тоғжанов Үкіметтің 2025 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің импортын толық алмастыруға көшу жоспары туралы да атап өтті. Атап айтқанда, өндіріс саласында – 950 мың, инфрақұрылым саласында – 583 мың, ауыл шаруашылығында – 458 мың, туристік салада – 59 мың жұмыс орны құрылады. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар- деді, Ералы Тоғжанов