«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі болған Қуаныш Омарбековті ұстады. Онымен бірге тағы бірнеше адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

omarbekov_ka/Instagram

Астана, NEGE. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы болуы мүмкін.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігі – аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаған пара беру бойынша тергеліп жатыр. Әзірге ҰҚК болжамды схеманың мән-жайын жариялаған жоқ.

Еске салайық, 11 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған болатын. Кейін сот оларды сыбайлас жемқорлыққа күдікті деп қамауға алуға санкция берді.