16 февраля 2026 г. 15:06

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады

Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының орталық аппаратындағы қызметкерлер санын 10 пайызға азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялардағы штат санының шамадан тыс көптігін қатты сынаған болатын.

Мемлекет басшысы нақты жұмыс атқармайтын қызметкерлер мәселесін көтерген еді.

«Басшылық құрамы ел айтып жүргендей «Сол жағалаудың» адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды», – деді Мемлекет басшысы.

«Самұрық-Қазына» қоры аталған ақпаратқа ресми пікір білдірген жоқ.