Samsung басшысы 2,5 жылға сотталды

Samsung Electronics компаниясының вице-президенті әрі Samsung Group-тың бас мұрагері Ли Чжэ Ен пара бергені үшін екі жыл және алты айға сотталды. Бұл туралы оңтүстіккореялық басылымдар хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұл шешімді Сеулдің Жоғарғы Соты қабылдады. Оған конгломератта өз билігін нығайту үшін билік өкілдеріне пара берді деген айып тағылған. Еске сала кетсек, Samsung-тың бұрынғы төрағасы Ли Гон Хи 2020 жылдың 25 қазанында Сеулдегі ауруханада қайтыс болды. 2014 жылы Ли Гон Хи инфаркт алып, кейін корпорацияны бақылау оның ұлы әрі топтың еншілес компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Енге тапсырылған еді. Оңтүстік Корея прокуратурасы Ли Чжэ Ен 2014 жылы конгломератқа толықтай үстемдігін жүргізу үшін алаяқтық әрекеттерге барып, корпорация ішіндегі компанияларды біріктірген деген айып тақты. Ойын жүзеге асыру үшін ол бұрынғы президент Пак Кын Хенің жақын досына 8,9 миллиард вон (шамамен 8 миллион доллар) көлемінде пара берген.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты