Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Бұл шешім Халықаралық самбо федерациясының конгресінде қабылданды.

Алматы, NEGE. Еліміз бұған дейін дүниежүзілік доданы 2005 жылы қабылдаған еді. Ол жолы қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған.

Қзаақстандық балуандар1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Бүгінге дейін 26 мәрте жоғары тұғырдан көрінді.

Биыл әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен