Саматәлі Төлтаев әлем чемпионатында жеңіліп қалды
Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Саматәлі Төлтаев жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. 60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі франциялық боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Софиан Умихаға есе жіберді.
Төрешілер 1:4 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Еске сала кетейік, әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға жолдама алды.