29 июля 2022 г. 16:35

Самат Әбіштен Мәсімовтың ісіне қатысты жауап алынды

Фото:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімовтің және басқа да айыпталушылардың ісі бойынша тергеуден өтті, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Самат Әбіштің ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екені хабарланды.

"С.Әбіштен К.Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге,Осиповке қатысты істе және ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі, 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде жауап алынды.

Ұлттық қауіпсіздік органдары С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді тіркеген жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалмады",  –  делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштің қаңтар оқиғасы бойынша «тергеу орбитасында» екенін мәлімдеген.

Тегтер: