«Самат Әбіш Қазақстанда тергеуде жүр»
Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді
.
Елорда, NEGE. ҰҚК төрағасының орынбасары А.Әмірханов Қаңтар бүлігіне қатысты қылмыстық іс бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш тергелгенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, С.Әбіш Қазақстанда жүр.
Журналистердің: «Ол тергеуге қанша мәрте шақырылды?», – деген сұрағына А.Әмірханов: «Айта алмаймын, ол тергеу орбитасында», – деп жауап берді.
Қаңтар бүлігі кезінде Самат Әбіш қайда болды? А.Әмірхановтың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде С.Әбіш жұмыс орнында болған. Қылмыстық іс бойынша С.Әбіштің статусы қандай екенін А.Әмірханов білмейді.