Самал Еслямова «Конокрадпен» үлкен экранға оралды

Самал Еслямова Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Конокрад. Уақыт жолдары» атты фильмде басты рөлді сомдады. Жақында туынды Гетеборгтағы кинофестивальге қатысты.

Алматы,NEGE. Су жаңа фильмді кәсіби режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такэба таспалаған. Түсірілім Тянь-Шань тауларында өткен. Картина Самал Еслямованың Кандағы триумфтан кейінгі алғашқы жұмысы.

Фильмнің сюжеттік желісі бойынша, «Конокрадтар» татулығы бекем отбасының арқа сүйер азматын өлтіреді. Жасөспірім Олжас қарындастары мен анасын қамқорлыққа алады. Тығырыққа тірелген отбасы мүшелеріне жұмбақ бейтаныс жан көмектеседі.

Айта кетейік, фильмде талантты кинематографшылардың түсіру тобы жұмыс істеді. Ерлан Нұрмұхамедов - «Жаңғақ ағаш» фильмі үшін Бусан кинофестивалі жүлдесінің иегері атанды. Продюсер Седзо Ичияма - Такеши Китаноны ашқан адам. Қоюшы-оператор Азиз Жамбакиев - «Үндестік сабақтары» фильмі үшін Берлин кинофестивалінде «Күміс аюды» иеленген.

Қаңтар айында «Конокрад. Уақыт жолдары» атты фильм Жапонияда кең прокатқа шықты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?