«Салтанаттың әке-шешесі соттағы суреттен кейін ауруханаға түсті»

Марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы Амангелді мен Жұмагүл Нүкеновалар сотта оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді көрген соң, ауырып қалған. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, Нүкенованың ата-анасы қазір ауруханада жатыр. 

«Салтанаттың әке-шешесі сотқа дейін бұл суреттерді көрмеген еді. Осыдан кейін қатты қабылдап, ауруханаға түсіп қалды. Жағдайлары мәз емес. Сондықтан соңғы сот отырыстарына келе алмай жүр. Ал Қуандық Бишімбаев болса, дәретханаға қалай құлатқанын, қабырғаға қалай құлағанын салқынқанды айтып тұр. Унитаз, қабырға, еден – бәрі кінәлі, бірақ ол емес. Сондықтан біз айыптаушы тараптың нұсқасын талап етеміз. Біз бұл кісі өлтіру деп санаймыз», – дейді адвокат Жанна Уразбахова.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды