Салтанат Нүкенованың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 16,8 млн теңге өндіріп алды

Бұл туралы Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. «Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қайғылы оқиға салдарынан  күйзеліске түскенін, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтты. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасына ақша өндіріп алудан бас тартты. Талап арызда қылмыстық іс шеңберінде заң қызметтерін төлеуге кеткен шығындар да талап етілді. Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап-арызды ішінара қанағаттандырды», – делінген хабарламада.

Сот шешімімен Бишімбаев қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 млн 877 мың 672 теңге шығын мен 10 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ