Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың үкіміне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 2024 жылы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Алқабилер сотының үкімі бойынша:

– Бишімбаев қылмыстардың жиынтығы бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылды;

– Байжановқа – 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚК 55-бабының 2-бөлігі ескеріліп) жазасы тағайындалды.

Сотта жарияланған үкімге қатысты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді пікір білдірді. 

«24 жылдан кейін ол 68 жасқа толады. Оның өзі өмір бойы бас бостандығынан айырылумен тең», - деді Айтбек Амангелді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды