Сальсаны ойлап тапқан музыкант қайтыс болды

Сальсаны ойлап тапқан музыкант және композитор Джонни Пачеко 85 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. «Ауыр қазаға қайғыра отырып маэстро Джонни Пачеконың қайтыс болғанын хабарлаймыз. Дұғаларыңыз бен ниеттеріңізге рақмет», – делінген музыкант туыстарының Facebook-парақшасында.

Композитор 14 ақпанда пневмониямен ауруханаға жатқызылған еді, ал келесі күні дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.

Джонни Пачеко 1935 жылы Доминикан Республикасында дүниеге келген. Кейін ата-анасымен АҚШ-қа көшіп келеді. Нью-Йоркте музыкант Fania Records дыбыс жазатын студиясын ашты.

Пачеко тоғыз рет Грэмми сыйлығына ұсынылып, латын Грэмми сыйлығына ие болған (Латын Америкасы өнер және дыбыс жазу ғылымы академиясының музыкалық сыйлығы).

Ол 150-ден аса ән жазған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?