Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. Ұстаным бұрынғыдай кезең-кезеңімен және атаулы сипатта сақталады, күрт әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз шешімдер қабылданбайды.

gov.kz

Негізгі басымдық – халыққа түсетін жүктемені азайту, инфляциялық қысымды тежеу және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

Тарифтік саясат, ең алдымен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге, инфрақұрылымның тозуын азайтуға және апаттардың алдын алуға бағытталған.

Мүмкін болатын өзгерістер нүктелік және бірқалыпты сипатта болады. Әрбір шешім тек объективті әрі экономикалық тұрғыдан негізделген факторлар негізінде қабылданады.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясына арналған шекті тарифтер өзгеріссіз, 2025 жылғы деңгейде сақталады.

Айта кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясының шекті тарифтерін бекітіп, олардың деңгейін 2025 жылғы көрсеткіштерде тұрақтандырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті