«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстан тұрғындарын қабылдайды
30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Таусамалы стансасының тұрғындары «Саламатты Қазасстан» пойызымен келген жоғары білікті медициналық мамандардың қызметіне жүгіне алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Медициналық пойыз стансаға 29 мамырда, кешкі сағат 20.50-де келіп жетеді. Ал 31 мамыр күні саат 19.00-де стансадан шығып кетеді.
Жалпы бұл маршрут елдегі медициналық кабинеттер тапшы өңірлердің шалғай елді мекендерін аралап жүр. Осылайша биыл шалғайдағы стансаларға жақын тұратын халық тегін медициналық тексеруден өтіп, терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және өзге де жоғары білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады.
Пойыз заманауи диагностикалық және емдік құрылғылармен, ультрадыбыстық зерттеу құрылғысымен, флюрография аппаратымен, шағын ота бөлмесімен, зертханамен, сымсыз интернетпен жабдықталған.