1 мая 2022 г. 13:50
Сәкен Майғазиев: Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдайды
Президенттің Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» ансамблінің мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концертте айтты.
«Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл – бұқара мен биліктің байланысын, бірлігі мен берекесін білдірсе керек. Жарқын болашақта, бейбіт елде, бір тудың астында баянды да, бақытты ғұмыр кешейік. Мереке құтты болсын!», – деді әнші.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай алаңында концерт өтті.