Сәкен Бибосыновты жеңген боксшы Головкиннің промоутерімен келісімшарт жасады

Британдық боксшы Галаль Яфай кәсіпқой боксқа ауысып, Эдди Хирн басқаратын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. 29 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 27 ақпан күні Лондон қаласында өткізеді. Оның қарсыласы әлі белгісіз.  «Енді менің мақсатым – әлем чемпионы атану. Көп боксшы Олимпиада чемпионын жеңіп, кейін кәсіпқой боксшылар арасында әлем чемпионы бола бермейді. Мен осы атаққа қол жеткізіп, тарихқа кіргім келеді», – деді Яфай. 

Еске салайық, Галаль Яфай Токиода өткен Олимпиада ойындарында отандасымыз Сәкен Бибосыновтың қарсыласы болып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Сол Олимпиадада Бибосынов қола жүлде алса, Яфай чемпион атанды.  Ал оның промоутері Эдди Хирн қазіргі уақытты қазақстандық Геннадий Головкиннің де кездесулерін ұйымдастыруымен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр