Сәкен Бибосынов алтынға таласады

Белградтағы әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Сәкен Бибосынов өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның финалына өтіп отыр. Сәкеннің финалдағы қарсыласы - америкалық Рокси Холл. 

Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр