Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Алматы, NEGE. 51 келіде сынға түскен Бибосынов 1/8 айналымда үндістандық Дипакпен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Сәкен Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетелік, бірінші кездесуде Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбай Досматовты жеңді.