Сәкен Бибосынов: Келесі жекпе-жекте жеңіске жету үшін барымды саламын

Боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ол 51 келі салмақта турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрар Қазанғапов

Алматы, NEGE. «Қарсылас өте мықты. Кездесу де қиын болды. Үшінші раундта аздаған қателіктер жібердім. Бапкерім де бірден соны айтты. Енді ол қателікті қайталамауға тырысамын.

Тактикаға келер болсақ, ара-қашықтықты сақтап, соққы тигізіп, кері қайтуды ойластырдық. Үшінші раундта аздап бөгеліп қалдым. Осы кемшілікпен жұмыс істейміз», - деді Бибосынов.

Бүгін Бибосынов Еуропа чемпионы, түркиялық Самет Гүмушті ұтты. Ширек финалда ол өзбекстандық Хасанбай Досматовпен жұдырықтасады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?