Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.    Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.   

gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл кездесуінде филиппиндік 23-жастағы Кристиан Леганмен (6-2-3, 4 KO) қолғап түйістірген еді.

Жекпе-жек барысында Сәкен басымдық танытып, қарсыласын нокаутқа жіберді. Отандасымыз осылайша жарысты ерте аяқтады. Екінші жеңіл салмақтағы айқас алты раундқа белгіленген еді.

Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем біріншілігінде жеңіс тұғырына көтерілсе, 2020 жылы Олимпиадада қола жүлдеге ие болды. Оған қоса 2022 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан